Максим Казак

Cnews бас редакторы

Жауапкершілік саласы

Жоғары технологиялар туралы CNews ресейлік журналының және интернет порталының бас редакторы

Кәсіптік қызметі:

2002 жылдан бастап

CNewsAnalytics аналитикалық агенттігінің құрылуына бастамашылық етті және оны басқаруына алды

2003 жылы

Максим Казак Ресейдегі ең алғашқы «CNews100: Ресейдің ірі АТ-компаниялары» рейтингін дайындаудың бастаушысы болып табылды

2012 жылы

PwC әріптестігімен OdgersBerndtson агенттігі дайындаған «Ресейдің жас медиа-менеджерлері» рейтингіне енгізілді 

2012 жылы

Ақпараттық жүйелерді есепке алу мемлекеттік ақпараттық жүйесін енгізу нәтижелері бойынша Ресей Байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі порталында Қоғамдық-эксперттік кеңес құрамына енді

2012-2013 жылдары

Николай Никифровтың бұйрығымен РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі кезінде ақпараттық технология салаларын дамыту бойынша Эксперттік кеңес құрамына енгізілді

 

*Анықтамалық

Телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамсыздандыру және компьютерлік ойындарға арналған ресейлік басылымдар, интернет-порталдар, аттас ай сайынғы журнал. 2000 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында бірнеше рет БАҚ ең кең қолданысқа енген Медиалогия болып танылды, Рунет сыйлығының екі дүркін лауреаты.

  • Biz.CNews — ресейлік АҚ және телекоммуникация нарығының бизнес-секторының жаңалықтары;
  • Cloud.CNews — бұлтты сервистер;
  • Club.CNews — компанияның блогтары, баспасөз хабарламалары;
  • Corp.CNews — кешенді біріктіру жүйесінің нарығы;
  • Doc.CNews — электронды құжат айналымы мәселелері;
  • Games.CNews — компьютерлік ойындар және компьютерлік ойындар индустриясы;
  • HH.CNews — телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында жұмыс іздеу;
  • Internet.CNews — Интернет пен интернет-бизнесті дамыту мәселелері;
  • Live.CNews — форум;
  • Open.CNews — ашық бағдарламалық қамсыздандыру әзірлеушілерінің анықтамалығы және шолуы;
  • R&D.CNews — ғылым мен технологиялар (24.04.2014ж.бастап жаңа мақалалар жоқ (11.06.2014ж.дейін);
  • Safe.CNews —ақпараттық қауіпсіздік нарығы;
  • Smb.CNews — орта және шағын бизнеске арналған ақпаратық технологиялар;
  • Soft.CNews — бағдарламалық қамсыздандырудың күн сайын жаңартылатын сервері;
  • Telecom.CNews — телекоммуникациялар, ұялы байланыс нарығы, интернет-провайдерлер;
  • TelecomB2B.CNews — B2B, бизнеске арналған телекоммуникация;
  • TV.CNews — телеарна;
  • WiFi.CNews — Wi-Fi технологиясы бойынша Интернетке көпшілік рұқсат нүктесі каталогі;
  • Zoom.CNews — сандық  техниканы таңдау порталы.